Астанада ауданның жаңа әкімі тағайындалды

Астанада ауданның жаңа әкімі тағайындалды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада ҚР Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды.

"Әкім қызметіне Астана қаласы әкімінің аппараты ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шәукентаев келді", - деп жазылған хабарламада.

Ол 2014 жылғы қарашадан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымды қызмет атқарды: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.

Кейінгі жылдары Астана қаласы әкімінің аппараты ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Астана қаласы әкімінің аппараты ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget