- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада атылған отшашу...
Астанада атылған отшашу адамдарға тиді
Астанада атылған отшашу адамдарға тиіп, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отшашу Бейбітшілік және келісім сарайы жанындағы саябақта атылған. Жермен домалап жарылған отшашу сол жерден өтіп бара жатқан балаларға тиген. Сондай-ақ, сырғанақ теуіп жүргендерге де тиген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана полициясы тексеріс өткізіп, тыйым салынған жерде отшашу атқан қала тұрғынын анықтады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы, 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Елімізде мұндай тәртіп бұзушылық үшін 20 айлық есептiк көрсеткiш (73 840 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.
"Барлық материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Сол жерде тиісті шешім қабылданады", - дейді полицейлер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы