- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада аты шулы...
Астанада аты шулы кәсіпкерге тиесілі монша өртенді
Астанада элиталық монша кешені өртенді. Ол аты шулы кәсіпкер Александр Орловқа тиесілі болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ағаштан жасалған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Алдын ала мәлімет бойынша өрт "Орловские бани" моншасының 150 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 22:06-да сөндірілді. 14 қызметкер мен 3 бірлік техника шықты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Еске салайық, Алматыда және шетелде қымбат мейрамханалар желісіне иелік ететін ресейлік кәсіпкер және ресторатор Александр Орлов бұған дейін халықаралық іздеуде жүргені хабарланған еді.
Орлов Ресейден кетіп қалған. Тамыз айында ол үш компанияның: "Тануки", "Тануки-Краснодар" және "Тануки-Н.-Новгород"-тағы 33,3 пайыздық үлесін сатқан. Ол сондай-ақ осы жазда өзінің Bulldozer Group мейрамханалар тобынан бас тартты.
Алматы мен Астанада Александр Орловтың бірнеше мейрамханасы бар.
2022 жылы Александр Орловтың басы дауға қалды. Кәсіпкер "Орталық Азияда білікті кадрларды табу қиын, олар тапшы" деген. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан