Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағалауды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.
Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды.
Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.
Еске салайық, бұған дейін Жезқазғанда мемлекеттік орган қызметкерлері конкурс арқылы ақша жымқырмақ болғанын хабарлаған едік.
Жергілікті атқарушы органдармен қолданыстағы заңнамаға қайшы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптары белгіленген.
Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.
Нәтижесінде прокуратура мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына заңнамада көзделген тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.
Сонымен қатар жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз