Астанада әскери авиация ұшып, көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Астанада әскери авиация ұшып, көшелерде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Tengrinews.kz

Астанада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шара өткізілуіне байланысты 10-14 қазанда қала көшелерінің кейбір бөлігінде көлік жүруіне уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шараларда Қазақстанның арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары және Қарулы күштердің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

Сонымен қатар, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР МКҚ | СГО РК (@sgork_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget