Астанада асфальт "көрмеген" қанша көше бар?

Астанада жол мен кептеліс мәселесі қалай шешіліп жатыр? Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде бас шаһар көшелерінің қанша пайызына асфальт төселген?

"Елорда көшелерінің 90,7 пайызына асфальтбетон төселген. Астана қаласының көше-жол желісінің ұзындығы 868,3 шақырым және 1129 көшеден тұрады. Оның 803,7 шақырымында (90,7 пайыз) ішкі асфальтбетоны жабыны бар, ал 64,6 шақырымы (9,3 пайыз) асфальттанбаған. Қалада 60 инженерлік құрылым бар. Оның ішінде 8 көлік айрығы, 9 жол өтпесі, 24 автожол және 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 4 жер үсті және 9 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі", - дейді Ержан Диханбаев.

Кептелісті шешу үшін Астанада жылда көпір салынады. Келесі жылы қандай жоспар бар?

Диханбаевтың сөзінше, келесі жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті ауданында тағы бір көпір ашылады.

"Былтыр Ұлы Дала даңғылы бойындағы және А62 көшесіндегі (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) жаңа көпір бойынша қозғалыс ашылды. Бұл көше Қарағанды тас жолы мен "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы мен қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді ведомство басшының орынбасары.

Диханбаевтың мәлімдеуінше, Ұлы Дала даңғылындағы көпір Мәңгілік Ел даңғылын, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Ж. Нәжімеденов көшелерін, Nova City ауданын, "Мыңжылдық" аллеясын ішінара түсіруге, "Нұрлы Жол" жаңа вокзалының, Тельман және Промышленный тұрғын алаптарының, МЕТРО гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылының, Жүргенов көшесінің және т.б. қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Келесі жылы Есіл өзені арқылы Кенесары көшесіне (КазГЮУ Университетінің ауданында) тағы бір көпір салуға кірісу жоспарланып отыр, - деді ол.

Сағат 18:30-20:00 ұзақ кептеліс болатын Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшелерінің жайлы не айтасыз?

"Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір қаланың сол жағалауындағы кептеліс мәселесін едәуір жеңілдетті. Қарбалас уақытта ең көп жүретін учаскелердің бірі – Мәңгілік Ел даңғылы, Қабанбай батыр, Тұран, Сарайшық, Қонаев көшелері және т.б. Биыл бұл мәселені ішінара шешу Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы өтуді қамтамасыз етті. Бұл көпір жолдардағы қозғалысты едәуір реттеуге мүмкіндік берді" – дейді Ержан Диханбаев.

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!