Астанада арзан бағаға жиһаз сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны жиһаз сатып алу мақсатында күдікті жұмыс істейтін жиһаз дүкеніне кеңес алу үшін барған. Кеңес барысында ол ер адамға арзан бағаға жиһаз сатып алуды ұсынды.
Дүкен сатушысы 1 млн 455 мың теңге көлеміндегі қаражатты алғаннан кейін сатып алушымен байланысын тоқтатқаны анықталды. Кейіннен бөтен ақшаны жымқырған соң, ол жиһаз дүкеніндегі жұмысын тастап кеткен.
Алматы ауданы ПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 27 жастағы күдікті анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!