Астанада Арыс көпірінің астындағы жергілікті жол бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған байланысты 16-20 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан