Астанада арнайы жасақ ірі операция жүргізді: 15 адам ұсталды

Фото: Видео кадры

Астана полициясы есірткі саудасының ірі арнасын әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары синтетикалық есірткі таратылатын екі интернет дүкеннің қызметін тоқтатты.

Негізгі ұйымдастырушы 23 жастағы қыз болып шықты. Ол есірткіні сатып алу мен сақтаудан бастап тұтынушыларға жеткізуге дейінгі барлық процесті үйлестірген.

"Қылмыскерлер Telegram-ды сауда жасау үшін пайдаланды", - деп жазылған Астана Полиция департаменті хабарламасында.

Жедел уәкілдер күдіктілердің мекен-жайлары бойынша 30 тінту жүргізді. 15 адам ұсталды. Полиция қызметкерлері 5 келі синтетикалық есірткі тәркіледі, бұл - 15 мың бір реттік дозаға тең.

Бұған дейін осы топтың қатысушысы, яғни 26 жастағы астаналық ұсталды.

Еске салайық, бұған дейін отандық сериалдарға түскен актер есірткі таратқаны үшін ұсталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова