Елордалық полиция департаменті 21 қаңтарда Астанада арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, төрт адам шабуыл жасаған. Олар қазір қамауда отыр.
"Астана полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында шабуыл жасаған төрт адам да анықталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Ведомство тергеуге байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.
Еске салайық, 21 қаңтарда Астанада жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!