Астанада 27 жастағы тұрғын әпкесін ерекше тәсілмен құттықтамақ болған. Ол тосынсыйды әсерлі ету үшін көпқабатты тұрғын үй ауласындағы автотұрақта отшашу ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде естілген қатты дауыс пен пиротехникалық бұйымдар қолданылуы тұрғындардың мазасын алған. Осылайша олар полицияға хабарлаған.
Полиция қызметкерлері тексеріс барысында тұрғынды анықтады. Ол бірден үш дерек бойынша жауапқа тартылды:
Сот қаулысымен қызға айыппұл салынды.
Полиция тұрғын үй аулаларында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзумен қатар, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз