- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада анасын балағаттаған...
Астанада анасын балағаттаған ер адам қамауға алынды
Астанада ер адам қарт анасын қорлап, кемсіткені үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
102 нөміріне елорданың 81 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, оның 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткен. Астаналық тұрғын үйге мас күйінде келіп, үйде жанжал шығарып, анасын балағаттаған, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды.
Бұл дерек бойынша Сарыарқа ауданы ПБ учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек