Астанада алты қабатты жатақхана өртенді

Бүгін таңертең Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 6-қабатта шығып жатқаны анықталған. 6-қабат толығымен өртке оранған.

"Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштері суды үздіксіз жеткізді", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 50 адам, соның ішінде 7 бала эвакуацияланған. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шыққан.

Суреттер: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілген. Оқиға орнында сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!