Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр
Фото: Әділет министрлігінен

Елордада алимент төлемей жүрген тұрғындардың көлігі тәркіленіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

4-5 наурызда қалалық Әділет департаменті және ПД, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасымен бірлесіп, "Борышкер" рейдтік шарасын өткізді.

"Нәтижесінде 857 мың 160 теңге, 1 млн 518 мың 626 теңге, 2 млн 483 мың 773 теңге, 2 млн 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі айыптұрағына қойылды. Жеке сот орындаушылары көліктерді бағалап сатады", - деп жазылған хабарламада.

Алдағы уақытта қалада борышкерлердің мүлкінен өндіріп алу жұмысы жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz