- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада алимент төлемей...
Астанада алимент төлемей жүргендердің жасырын табысы бар болып шықты
Астанада алимент төлемей жүргендердің жасырын табысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана прокуратурасы электрондық әмияндарында айналымы 300 миллион теңгеден асатын алимент төлеуден жалтарған 170 борышкерлерді анықтаған.
Осылайша, бір ғана борышкер алимент бойынша 3,5 миллион теңге қарызы бола тұра, өз әмиянын 6 миллион теңгеге толтырған.
Алимент өндірудің осы және басқа да түйткілді мәселелері қала прокуратурасының алаңында уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде талқыланды.
Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жасырын кірістерді балалардың пайдасына өндіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Бүгінгі таңда борышкерлер 20 миллион теңге қарызын өтеп үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина