Астанада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды

Астанада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды
Фото: depositphotos.com

Астананың 65 жастағы тұрғыны Байқоңыр аудандық полиция басқармасына алаяқтық әрекетке тап болғаны жөнінде арызданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаға бейжай қарамаған тәртіп сақшылары бірден тергеуге кірісіп, күдіктіні бір тәулік ішінде қолға түсірді.

Зейнеткер наурыз айында тұрғын үй сатып алу мақсатында 9 миллион теңге көлеміндегі жинағын алаяқтың шотына аударып, оның жалған құжаттарына сенген. Өзінің қулығын шебер ұйымдастырған алаяқ зейнеткерді қымбат пәтерлерді арзан бағамен алып беремін деп сендіріп, арнайы сценарий құрастырыпты. Тергеу барысында күдіктінің тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық схемасы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да азаматтарды алдағаны белгілі болып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан