Астана полиция департаменті Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша алаяқты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
58 жастағы зейнеткер шет елде оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалған. Жәбірленуші немересінің арманын орындаймын деп, қателікке жол берді. Күдікті оқуға баратын бес елді ұсынып, өз есепшотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі - шамамен 18 миллион теңге.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!