Астанада алаяқтықтың 30 эпизодына қатысы бар күдікті анықталды

Астанада полицияға 35 жастағы азамат арызданған, бір қыз виза агенттіктерінің атын жамылып, Еуропаға виза алуға көмектесемін деп, азаматтардан ақша алып жатқанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана тұрғыны интернеттен жұмыс визасын беретін жарнаманы көріп қалған. Хат алмасу кезінде виртуалды жұмыс беруші лицензияның көшірмелерін беріп, құжаттарды және тіпті клиенттер тұратын бөлмелердің фотосуреттерін жіберген.

Өтініш беруші жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам қаражат жіберген. Алаяқ бір айдың ішінде барлық қажетті құжаттарды толтырып, Еуропаға баруға көмектесуге уәде берді. Алайда өз міндеттемелерін орындай алмаған күдікті бірте-бірте байланысқа шықпаған.

Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық жасаған 34 жастағы күдікті анықталды.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу кезінде күдіктінің тағы 30 ұқсас эпизодқа қатыстылығы анықталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!