Астанада алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті ұсталды

Астанада алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елордада полицейлер алаяқтыққа қатысы бар екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында жәбірленуші құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істейтіні анықталды.

Оның айтуынша, екі жас жігіт қасына келіп, әріптестері түнде құрылыс материалдарын ұрлады деп алдап, сендірген. Олар қолдарында ұрлықтың бейнежазбасы барын айтып, полицияға хабарлаймыз деп қорқытып, 300 мың теңге талап еткен.

Сөздеріне сенген ер адам ақшаны қолма-қол берген. Алайда көп ұзамай алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, кейін полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 29 және 23 жастағы екі күдіктіні анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина