Астанада алаяқ “Ұмраға сапар ұйымдастырамын“ деп, жұрттан 7,4 миллион теңге жинап алған

Астанада алаяқ “Ұмраға сапар ұйымдастырамын“ деп, жұрттан 7,4 миллион теңге жинап алған
Фото: depositphotos.com

Астанада "Ұмраға сапар ұйымдастырамын" деген алаяққа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Ол жұрттан Ұмраға баруға арналған әуе билеті мен қонақүйге ақша жинаған. Алайда уәде етілген билет те, орналастыратын орын да болмаған.

Прокуратура мәліметінше, алаяқтың арбауына елдің әр өңірінен 17 адам түскен. Олардың арасында егде жастағы ата-анасын қажылыққа жіберуді көздеген отбасылар да бар.

Сотталушы ірі көлемде алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтеді. Сот оны үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, пробациялық бақылау белгіледі.

Прокуратура мұндай қызметтерге жүгінерде тек ресми лицензиясы бар туристік агенттіктерді таңдауға шақырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget