- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада алаяқ тұрғынды...
Астанада алаяқ тұрғынды 994 мыңға жиһаз жасап беремін деп алдаған
Астаналық алаяқ тұрғынды 994 мыңға жиһаз жасап беремін деп алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел-алдын алу іс-шарасы нәтижесінде полиция қызметкерлері жиһаз жасау сылтауымен елорда тұрғынынан 944 мың теңге сомасында ақша алған 25 жастағы ер адамды анықтады.
Сондай-ақ, "Жиһаз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, онда 40 жастағы ер адам елорданың 13 тұрғынын алдап, тапсырыс бойынша жиһаз дайындауға уәде берген. Барлық фактілерге қатысты полиция қызметкерлері алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Іс-шара криминогендік жағдайды тұрақтандыру және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина