Астанада алаяқ несие тарихын жақсарту сылтауымен аула сыпырушыны алдаған, –деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, қаскүнем көшеде оған жақындап, интернеттегі алаяқтықтың жиі кездесетін жағдайлары туралы әңгімелесіп, сеніміне кіре бастаған. Әңгіме барысында ол "көмегін" ұсынып, "несие тарихын жақсарта аламын" деп, телефонын сұраған. Құрылғыға қол жеткізген соң, алаяқ ер адамның атына несие рәсімдеп, содан кейін телефонды қайтарып беріп, өзі кетіп қалған.
Қала тұрғыны өзінің алаяқтың құрбаны болғанын несиені төлеу қажеттілігі туралы хабарлама алған кезде ғана білген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Нұра аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін ол осыған ұқсас алаяқтық фактілері бойынша жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және өз телефондарыңыз бен жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеуді ескертеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!