- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада алаяқ жүргізуші...
Астанада алаяқ жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап, ақша жымқырған
Астана қаласының полицейлері жүргізуші куәлігіне көмектесемін деп алдап, елорда тұрғынының 180 мың теңгесін жымқырған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға 53 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, танысы бір айдың ішінде жүргізуші куәлігін жасап беремін деп ақшасын алғанын және хабарсыз кеткенін айтып шағымданған. Полиция қызметкерлері анықтағандай, белгісіз ер адам емтихансыз көлікті басқаруға құжатты тез арада алуға көмектесемін деп алдаған. Оның көмектесу құны 180 мың теңге болатынын айтқан.
Бұл көрсетілген қаражатты сеніп қалған жәбірленуші бірден төлеп үлгерген. Осыдан кейін алаяқ онымен байланысын тоқтатқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәсін мойындаған 31 жастағы Астана тұрғынын анықтады. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина