Астанада алаяқ әйел бизнесті дамытуға көмектесуге уәде берген

Астанада алаяқ әйел бизнесті дамытуға көмектесуге уәде берген
Фото: © elements.envato.com

Астанада алаяқ әйел бизнесті дамытуға көмектесуге уәде берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана полицейлері 35 жастағы әйелді анықтады. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, оған бизнесті дамыту үшін "Даму" бағдарламасы бойынша қолдау алуға көмектесуге уәде берген. Қаскүнем тиісті ұйымдағы танысы арқылы инвестициямен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеген. Өзінің қызметі үшін 1 млн 230 мың теңге талап еткен. Қаражатты алғаннан кейін, ол ақшаны өзіне иемденіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызығы, ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға қаржылық операциялар жүргізген кезде қырағы болу керектігін ескертеді және ақшаны аудармас бұрын ақпаратты тексерудің маңыздылығын еске салады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина