Астанада Алаш тасжолында қозғалыс шектеледі

Астанада Алаш тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұған салмақ өлшейтін датчиктерге арналған бетон жабынын төсеу жұмыстары себеп болып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстары жолдың шамамен 400 метрін қамтиды. Ішінара шектеу 5-25 тамыз аралығында күшінде болады.

Сурет: gov.kz

Жұмыстар кезінде көліктер қарсы бағыттағы жолақпен жүреді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағытын алдын ала жоспарлау және уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!