Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, полицияға елорданың 23 жастағы тұрғыны, белгісіз адамдардың күндіз 5 мың доллар көлемінде ақша ұрламақ болғаны туралы арызданған.
Аталған дерек бойынша Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полицейлер "Daewoo Lacetti" маркалы көлікті анықтаған.
"Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында 54 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Көлікті тексеру барысында сегіз патроны бар газды тапанша, тапанша түріндегі оттық және медициналық қара маска тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!