Астанада Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамитті полиция ұстаған. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Оның айтуынша, жұмбақ жағдайда қайтыс болған бірнеше жастың, яғни Сана Мерланның, Әдел Ақанованың және Ақнәр Гүлстанның аналарын полиция ұстаған.
"Аналар ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініштің мақсаты - балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің тәуелсіз және толық тергелуін талап ету. Алайда олар ғимаратқа кіріп үлгермеген. Өтініш қабылданбаған. Аналарды полиция белгісіз бағытқа алып кеткен", - деп жазды Инга Иманбай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция не дейді?
Massaget.kz бұл жағдайға байланысты Астана Полиция департаментіне жүгінді.
"Есіл ауданы полиция басқармасына рұқсат етілмеген жиналыс өткізуіне байланысты үш әйел жеткізілді. Олармен бейбіт жиналыстар өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажет екені туралы әңгіме жүргізілді", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілі.
Ақнәр Хамиттің ісі
Айта кетейік, 2024 жылғы шілдеде Ақнәр Хамит көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Бұған дейін істі ҰҚК тергеп жатқаны айтылды.
Жуырда Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит әділдік іздеп жүргенін айтып, тағы бір мәрте үндеу жасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова