Астанада әкімшілік ғимаратта шалбарын шешкен ер адам жауапқа тартылды

Астанада әкімшілік ғимаратта шалбарын шешкен ер адам жауапқа тартылды
Фото: Видео кадры

Астанада ер адам әкімшілік ғимаратта ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

️Елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт офисінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешкен.

Полиция қызметкерлері ер адамды анықтады. Ол Өскемен қаласының 68 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

"Ол айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған. Ер адам ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды", - деді ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget