Астанада әдепсіз видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салынды

Астанада әдепсіз мазмұндағы видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері TikTok желісінде әдепсіз сөздер мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар видео жариялаған 25 жастағы шетел азаматын анықтаған.

Видео Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсірілген. Кейін бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған.

"Видео авторы Ангелина Ванинаға сот шешімімен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Астана ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!