Астанада адамдарды кепілге алған басқыншы диспансерде есепте тұр - Kaspi

Астанада адамдарды кепілге алған басқыншы диспансерде есепте тұр - Kaspi
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астанада адамдарды кепілге алынған басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Банктің баспасөз қызметі өкілі кепілге алынған адамдарды босату операциясынан кейін мәлімдеме жасады. Адамдарды босату операциясы екі сағатқа созылды және сәтті аяқталды. Күдіктінің наркологиялық диспансерде тіркелгені белгілі болды.

"Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұр", - деді банктің баспасөз қызметі өкілі.

Банк қызметкерлерінің ешқайсы зардап шеккен жоқ және барлығына қолдау көрсетілетіні айтылды.

Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында келушілер жоқ.

"Қазір филиалда тек банк қызметкерлері ғана, филиалда келушілер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге ба,ытталды. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауыңызды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Kaspi Bank-те кәсіпқой келіссөзшілер кепілгермен сөйлесіп жатыр. Ер адам 7 адамды кепілге алғаны мәлім болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері. 

Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келгені хабарланды. Ішкі істер министрі басқыншының ұсталғанын растады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова