Астанада адам ұрлағандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы өзінше билік ету және адамды ұрлау фактісі бойынша Ш., Х. және У.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша адвокаттардың, қорғаушылардың және сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарады (ҚК 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы, 389-бабының 3-бөлігі).
Бірінші сатыдағы сотта Ш. У. мен Х.-ның жәрдемдесуі арқылы қасақана әрекет ете отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласуы арқылы С.-ны ұрлағаны және оның еркінен тыс Астана қаласынан Павлодар қаласына әкетілгені, онда Х. мен У. оны жалға алынған пәтерде ұстағаны, ал Ш. қарызды қайтаруға байланысты 2 млн. теңге сомасына материалдық залал келтіре отырып, оған қатысты өзінше билік еткені анықталды.
Ш. адамды ұрлағаны және өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
Х. және У. адамды ұрлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымдарды қарау нәтижелері бойынша үкімді өзгеріссіз қалдыру, адвокаттардың, қорғаушылар мен сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдады.
Үкім заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!