Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеуге жабылды

Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, Абылай хан даңғылына Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді.

"Осыған байланысты, 3-9 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау және ықтимал өзгерістерді ескеру сұралды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!