Астанада Абылай хан даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады

Астанада Абылай хан даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 сәуір мен 6 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

"Манас көшесіне қарай қозғалыс толығымен жабылады, бірақ А.Пушкин көшесіне қарай қозғалыс ашық болады. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді: Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы жабылады, ал Манас бағытындағы көлік қозғалысы ашық болады", - деп жазылған хабарламада.

Астана әкімдігі 

Әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады. 

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget