Айта кету керек, Қазақстанның Азаматтық форумын өткізу және қоғамдық кеңестер жөніндегі жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мемлекеттік гранттары шеңберінде іске асырылуда.
VII Азаматтық форумы Астанада 2016 жылдың 25 қарашасында өтеді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Форумға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР орталық және жергілікті атқарушы орган өкілдері, өңірлік және республикалық ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар өкілдері, дипломатиялық миссиялар басшылары, сарапшылар қауымдастығы және БАҚ өкілдері қатысады.
«Қазақстанда мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылы жалпыұлттық диалог шеңберінде тең құқылы серіктестік қағидаларына құрылады, оның басты тетіктерінің бірі болып Азаматтық Форум саналады», - деді «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов.
Оның айтуынша, форум барысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізіледі. Ол әлеуметтік мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдерді анықтауға бағытталған. Жәрмеңке 15 қазан мен 15 қараша аралығында альянс сайтында өтеді. Жобаның үздік идеясының авторы 1 млн теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталады.
VII Азаматтық форум бағдарламасы ҮЕҰ жетістіктерінің көрмесі, азаматтық қоғамның қазіргі жағдайы мен даму келешегі туралы форумының пленарлық отырысынан тұрады. Мұнда Қазақстанның ҮЕҰ-ның этика кодексін қабылдау және ұсыныстарды пысықтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Н. Ерімбетовтың айтуынша, Қазақстанның Азаматтық альянсы қоғамдық кеңестерді дамыту жобаларын іске қоспақшы. Жоба өңірлік қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша олармен серіктестік өзара іс-қимыл жасауға, халықты қоғамдық кеңестер арқылы шешімдер қабылдау үдерістеріне тартуға бағытталған.
«Біз үш бағыт бойынша: арнайы құрылған сайт www.kazkenes.kz арқылы - ақпараттық, қоғамдық кеңестер мен ҮЕҰ өкілдерін оқыту арқылы және заңнама негізінде қоғамдық кеңестер қызметіне мониторинг жүргізу бойынша қызмет көрсету арқылы қоғамдық кеңестерге білім беру, ақпараттық, құқықтық қолдау көрсетуді жоспарлаймыз», - деді Н. Ерімбетов.
Айта кету керек, Қазақстанның Азаматтық форумын өткізу және қоғамдық кеңестер жөніндегі жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мемлекеттік гранттары шеңберінде іске асырылуда.