Патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW және Toyota автокөліктерінің жүргізушілерін ұстады. Күндізгі уақытта Достық көшесімен Мәңгілік ел даңғылына қарай жүріп келе жатып, Toyota автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі адамды жүксалғышпен тасымалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, BMW автокөлігімен келе жатқан екінші жүргізуші мұны видеоға түсірген. Куәгерлер тәртіп бұзғандардың әрекеттерін түсіріп алып, полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері екі жүргізуші де мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алмастырып алғанын анықтады.
"Аталған дерек бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау бойынша талаптарды сақтамағаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.
Астананың мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен екі азамат та бір жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылып, бір тәулікке қамауға алынды.
Полицейлер видеоны түсірген16 жастағы жасөспірімді анықтады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жасөспірім ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!