Астанада TikTok-қа видео салу үшін жалған нөмір тағып алған азамат жазаланды

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Б-ға қатысты көрінеу жалған нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару фактісі бойынша істі қарады (ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Істің мән-жайларынан әлеуметтік желілерден жалған нөмірлік белгілері бар Lexus көлік құралын басқарған азамат Б-ның көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталған.

Өз іс-әрекеттерімен Б. қоғамдық қауіпсіздікке және жол қозғалысы тәртібін тиімді сақтауға тікелей әсер ететін көлік және жол шаруашылығы саласындағы қоғамдық қатынастарды бұзды.

Сот отырысында құқықбұзушы өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сондай-ақ ол TikTok-қа бейнебаянды жариялау үшін жалған нөмірлі көлік құралын басқарғанын атап өтті.

Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен және Б-ның айғақтарымен расталды.

ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі баламасыз жазаны және 1 жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.

Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын және жасаған ісіне өкінуін ескерді.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және сот іс бойынша мән-жайларды талдап, тартылған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамның тәртібі мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Б-ны 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!