18 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гранд-финалда өңірлердегі іріктеу кезеңдерінде үздік нәтижеге қолжеткізген 170 спортшы бақ сынайды. Қатысушылардың жасы - 14-тен 51 жасқа дейін.
Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры - 54 миллион теңге.
Сайысты Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирде көрсетеді. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, спорт пен өнер жұлдыздары, танымал блогерлер қатысады. Сонымен қатар, Гранд-финал жеңімпаздары Street Workout бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанның атынан қатыса алады.
"2022 жылы Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған Tartyl Fest турнирі еліміздің 20 қаласында өтті. Оған қатысқан 7 мыңнан аса адам 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Тартылу саны бойынша рекорд - 50 рет тартылған тараздық азаматқа тиесілі", - делінген Dara қоры хабарламасында.
Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған Tartyl Fest турнирі аз уақытта халықтық жобаға айналып, Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту саласындағы алға қойған міндеттерін іске асырудың табысты үлгісі болды.
Жоба идеясының авторы - танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев, бренд амбассадоры - "Street Workout" бойынша рекордшы Айтым Жақыпов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!