Астанада LRT станциясында өрт шықты

Астанада LRT-ның "Театр" станциясында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

City Transportation Systems (CTS) мәліметінше, оқиға 5 мамырда сағат 22:18 шамасында "Театр" станциясының солтүстік өткеліндегі кіреберісте болған.

"Дәнекерлеу жұмыстары кезінде құрылыс қоқыстары тұтанған", - деді компания өкілдері.

Компанияның ақпаратына сүйенсек, жалпы ауданы 20 шаршы метр болатын пластик құбырлар мен минералды мақта өртенген. Станцияның кезекші қызметкерлері ТЖД мамандары келгенге дейін тілсіз жауды дереу ауыздықтаған. Зардап шеккендер жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!