Астанада LRT-мен жол жүру құны қанша болады?

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-мен жол жүру құны қанша болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде әкім LRT-мен жол жүру құны әлі нақты анықталмағанын айтты.

"Жоба бойынша бағалар 100-ден 200 теңгеге дейін болды, әзірге осы параметрлерде қалады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы алғашқы LRT станциясының видеосы пайда болды.

Астана халықаралық әуежайы аумағындағы Қабанбай батыр даңғылында орналасқан 101-станцияның ішінде эскалаторлар мен интерактивті экрандар бар, ал ол арқылы елорданың кадрлары көрсетіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!