Астанада LRT құрылысына байланысты кейбір көшеде жол жабылады

Астанада LRT құрылысына байланысты 16-19 тамыз аралығында кейбір көшеде жол жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыздан сағат 00:00-ден бастап (16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарланып отыр (сызбаға сәйкес).

 

Оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болады.

Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы CTS сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

"Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!