CTS Астанада LRT құрылыс жұмыстарына байланысты жолайрығында көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 101-102 аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты:
- 14 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін - Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жолайрығында Қарағанды тасжолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
- 15 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін - Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жолайрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тасжолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан