Желіде жұмысшылардың темір блокты бос жолдың үстінен кабельдермен тасымалдап жатқанын көрсететін видео тарады. City Transportation System (CTS) бұл жағдайға түсініктеме беріп, қауіпсіздікті өрескел бұзғаны үшін екі басшы шеттетілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"1 маусымда LRT құрылысында мердігердің қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзу фактісі тіркелді, ол Ұлы Дала даңғылының Қабанбай батыр даңғылына жақын маңдағы адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Металл арка салуға арналған арқалықтарды әуе әдісімен тасымалдау жұмыстары CTS-пен келісілмеген, осыған байланысты тоқтатылды", - деп түсіндірді көлік компаниясы.
Сондай-ақ, CTS қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны үшін жоба жетекшісі мен Қытайдың бас мердігерлік компаниясының қауіпсіздік техникасының басшысы шеттетілгенін атап өтті. Техникалық қадағалау тарапынан тиісті бақылау жүргізбегені үшін жобаның бас инженеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!