Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда өрт шыққан.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді", - деп жазылған хабарламада.
Кейінірек ТЖМ күштері өртті оқшаулағаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!