Әлеуметтік желіде Астанадағы мектепте болған жайттың видеосы тарады. Бейнероликте оқушылар басқа оқушыны аяусыз ұрып жатқаны көрсетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Instagram-да пайда болды. Видеода оқушылар басқа оқушының бетінен ұрып, аяғымен теуіп жатқанын көруге болады.
Жазба авторларының сөзінше, оқиға Астанадағы №83 мектеп гимназиясында болған. Бірнеше бала оқушыларға күн көрсетпейтін көрінеді: олар балаларды ұрып, буллинг жасайды екен.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бұл оқиғаға 9-сынып оқушыларының қатысы бар.
"Оқушылардан ата-анасының көзінше жауап алынды, бұл оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға нәтижесі бойынша балалардың әрекетіне баға берілетін болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, балалар арасындағы буллинг - бұрыннан бері талқыға түсіп, көптің көкейінде жүрген мәселенің бірі.
Биылдан бастап қазақстандық мектептерде буллингке қарсы сабақ пайда болады.
Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - "Қауіпсіздік сабағы" енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Буллингті қалай тоқтатамыз? Заңгер кеңесі
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!