Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі 9-қабаттағы терезеден құлаған 6 жасар баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 11 тамызда таңертең Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Бала терезеден кіреберістің күнқағарына құлаған.
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2019 жылы туған бала алғашында жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы ауыр деп бағаланған.
Екі күннен кейін зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлердің сөзінше, бала таңғажайып жағдайда аман қалған. Өйткені мұндай биіктен құлаған кезде аман қалу мүмкіндігі аз. Бала есін жиған.
"Баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, травматология бөлімшесіне ауыстырылды", - деді дәрігерлер.
Балаға бас мидың жабық жарақаты, ми шайқалуы, сынық диагноздары қойылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!