- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 8 тұрғын...
Астанада 8 тұрғын террористік қызметпен айналысқан
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Сот үкімімен Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.
"Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған. Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы