Астанадағы мектептің бірінде 8 сынып оқушысы төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық Білім басқармасының мәліметінше, 17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы мектептің 4-қабатының терезесінен секірген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, қазір бала ауруханада жатыр.
"Зардап шеккен оқушының миы шайқалған, кеуде және іш жарақаттары бар, оң білек пен оң жіліншік сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алған жарақаттарына байланысты), тұрақты. Оның жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр", - деп хабарлады басқармада.
Тиісті органдар оқиғаның себебін анықтап жатыр. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз