Астанада 73 жастағы кейуана өз пәтерінде құлап, тұра алмай қалған

Астаналық құтқарушылар 73 жастағы кейуанаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 8 қарашада болған.

Сарыарқа даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде 1951 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмай, есікті аша алмай қалған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз