Астанадағы №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов тұрғын үй кешендерінің біріндегі қайғылы оқиғаның алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 мамырда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған.
Ақан аулада ойнап жүргенде төртінші қабаттағы балконда асылып тұрған баланы байқаған.
Ақан кіреберіске жүгіріп кіріп, оны құтқарып қалған.
"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!