Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қала қонақтарына көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 5-7 қараша аралығында елордада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтеді. Осыған байланысты қала көшелерінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен Қазақстанның Қарулы күштері жұмылдырылады.
Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап Астана аспанында әскери ұшақтар оқу-жаттығу ұшуларын өткізеді.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!